31
Түркістан облысында прокуратураның үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҰҚК облыстық департаменті, Өзбекстан құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жанармай өнімдерін жерасты жолы арқылы шекарадан жасырын өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топты әшкереледі.
Тергеу барысында топ мүшелері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына жақын аумақта ұзындығы 450 метр болатын жерасты тоннелін қазғаны анықталды. Қылмыстық схема екі ай бойы жұмыс істеп, шетелден қаржыландырылған. Сондай-ақ, жанармайды тасымалдауға арналған жасырын арна құрылған.
Арнайы операция барысында Өзбекстан да өз аумағында арнайы шаралар жүргізіп, барлық қатысушылар анықталды. Қазіргі таңда ҚР-ның 5 азаматы күдікті ретінде танылып, іс сотқа жолданды.