Докторантураға оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Теги: , ,
251

Елімізде докторантураға оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 3 тамызға дейін жалғасады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, оқуға түсу емтиханына қатысуға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.

Егер оқуға түсуші өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болса, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (3 тамызға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.

Оқуға түсу сынағына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, емтиханның ең жоғары көрсеткіші – 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды. Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды.

Айта кетейік, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу сертификатынан басқа, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.

Алдыңғы пост
«Есірткі саудалаған». Іздеуде жүрген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Келесі пост
Түркістан облысының теріс статистикалық деректері екі жылды Шымкентке жатқызған. Бас прокуратура мәселеге нүкте қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu