260
Қазақстандық теннисші Италияның Бари қаласында жұптық сында өтіп жатқан WTA125 челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Аруымыз португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэні жеңді. Есеп 7:5, 6:3.
Енді олар, финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, отандасымыз Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино мен грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының жеңімпаздарымен бақ сынайды