Алматы облысында ер кісі бұрынғы әйелін анасының көзінше 22 рет пышақтаған

Теги:
157

Алматы облысында ер кісі бұрынғы әйеліне 22 рет пышақ жарақатын салған. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі желі парақшасында жазды.

Қоғам белсендісіне жәбірленуші хат жазып, көмек сұраған. 36 жастағы әйел кәмелет жасына толмаған үш қызды тәрбиелеп отыр. Бұрынғы күйеуімен 17 жыл бірге тұрып, оның соңғы екі жылы тозаққа айналыпты. Ішіп алып үйінде ойран шығаратын еркек әйелге еш себепсіз әбден қорлық көрсеткен екен.

«2 ақпан күні ол мені атып өлтірмек болды. Тура сол сәтте қайын атам келіп, қаруға жармасып, оқ үйдің қабырғасына тиді. Бірақ ол кезде полицияға арыз түсірмедім, бірден ажырасуға бел будым. 19 мамырда сот шешімімен заңды түрде ажырастық. Ал 24 маусымда маған шабуыл жасады. Бірден полицияға шағым түсірдім. Ол есепке алынып, оған менің маңайыма жолауға заң тұрғысында тыйым салынды» деп жазған жәбірленуші.

3 қыркүйек күні үш балалы әйел өз анасымен бірге күйеуі тұрған үйден заттарын алып кетуге барған. Қанды оқиға сол кезде болған.

«Маусым айынан бері балаларыммен бірге анамның үйінде тұрып келемін. Күйеуіммен бірге тұрған үйге заттарымызды алу үшін бардық. Осы кезде маған пышақпен шабуылдады. Анамның көзінше мені пышақтай бастады. Анам араша болуға тырысықанымен, 22 рет пышақ жарақатын салып үлгерді. Соның үшеуі қатты жарақат болды. Өкпем мен бауырға зақым келді» делінген келіншектің хатында.

Жәбірленуші бұрынғы күйеуінің туыстары жазасын жеңілдету үшін барын салатынына сенімді. Сол үшін елден көмек сұрап отыр.

Polisia.kz жазуынша, ер адам ұсталды. Оқиға 3 қыркүйек Шелек ауылында болған. Бұл дерек ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды және барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, – деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген әкеге сот үкімі шықты
Келесі пост
Шардаралық балабақшада бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші тергеліп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu