Соңғы кездері жол көлік апатына ұшырағандарды әлеуметтік желіде жиі байқаймыз. Сондықтан, төмендегі ережелерге мұқият болыңыз. Жолда абай болуды сұраймыз!
Егер көлікпен саяхаттағыңыз келсе немесе ұзақ сапарға шығуды жоспарласаңыз, ұйқы және демалыс режимін сақтауыңыз қажет.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін келесі жайттарға ден қойыңыз:
– ұзақ сапар алдында тынығу;
– жұмыс күнінен кейін шаршап тұрып жолға шықпау;
– мүмкіндігінше түнгі жолдан бас тарту;
– ауырып тұрып көлік тізгініне отырмау;
– көлік басқарып, арасында демалғыныңыз абзал. Әр 2-2,5 сағаттық қозғалыстан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау;
– қауіпсіз жерге тоқтап, бір жарым – екі сағат ұйықтау;
– жол белгілерінің талаптарын сақтау;
– телефонмен сөйлесу, оқу және т.б. әрекеттерге алаңдамау;
– тайғақ жерлерде арнайы ерітінділермен және шашыратқыштармен өңделген жолмен жүру;
– көлік құралының техникалық жай-күйіне ерекше назар аудару.
Жол қауіпсіздігінің кепілі – жол ережелерін мүлтіксіз сақтау. Осыны әрдайым есте сақтаңыз!