31
Рейд барысында жас автокөлік жүргізушілері жиі түнгі жарыс ұйымдастырғанын анықтады.
«Мысалы, тұрғын полицияға “әуежай ауданында 22:00-ден кейін жастар жарыс ұйымдастырып, жоғары жылдамдықпен жарысады” деп шағымданды. Осындай қоңыраулар “102” арнасына және тағы бірнеше қала тұрғындарынан келді. Полиция дереу сол жерге келіп, жол қауіпсіздігін бұзушылардың әрекеттерін тоқтатты. Нәтижесінде полицейлер құқық бұзушыларға қатысты материалдар толтырды. Өз кезегінде полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, заңсыз автожарыстарға қатыспауға, жол-көлік оқиғалары мен қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін маневрлер жасамауға шақырады»,-деп хабарлады ІІМ.