Жыл басынан бері 19 мыңнан астам жұмыскердің құқығы тапталған

24

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.  2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,4 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 588 ұйғарым берілді және 194 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,9 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 677 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 381 тексеру жүргізді, оның барысында 2 941 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 428; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 496; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17,2 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Алдыңғы пост
Абай облысында 42 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Келесі пост
Республикалық жолдар заманауи жол сервисімен қамтамасыз етіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu