Шымкентте мектептер аумағындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды

Теги: , ,
281

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелерінде жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылып келеді.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін қаладағы 87 мектептің алдында жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылды. Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылады.
Шымкент қаласында бүгінде 270 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып сызылды. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 120 шақырымы акрильді бояумен сызылды.
Айта кетейік, өткен жылы шаһарда 450 шақырым жол таңбалары сызылған болатын.

Жол таңбалары сызылған көшелер тізімі:
Пластика:
1. Бөгет көшесі
2. И.Тайманұлы көшесі
3. Шымсити ш/а 5 көше
4. Володарского көшесі
5. Ерманов көшесі
6. Сайрам көшесі
7. Мәделі қожа көшесі
8. А.Асқаров көшесі
9. Н.Малқаров көшесі
10. Рашидов көшесі
11. Н.Төреқұлов көшесі
12. М.Мәметова көшесі
13. Тәуке хан көшесі
14. Ж.Шаяхметов көшесі
15. Түркістан көшесі
16. Ж.Тәшенов көшесі

Акрильді бояумен:
1. Бақбаев көшесі
2. Қ.Төлеметов көшесі
3. Жібек жолы көшесі
4. Ынтымақ ш/а (Барыс базар маңы)

Айта кетейік, бүгін Шымкент полицейлері қаладағы мектептер мен колледждердегі қауіпсіздік мәселесі бойынша күзет ұйымдарымен кездесу өткізді. Жиынға департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов төрағалық етті. Сондай-ақ, күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке құрамы, әкімдік және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен күзет ұйымдарының мүшелері де қатысты.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара барысында білім ошақтарындағы қауіпсіздік мәселесі сөз болып, ведомствоның Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция майоры Илесов Нұрдәулет баяндама оқыды. Онда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнекамералар, «SOS» батырмалары мен күзет ұйымдарының қызметі туралы ақпарат берілді.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежіне қатысты 5 жүргізуші жауапқа тартылды
Келесі пост
Салық органының бөлім басшысы 20 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu