Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 181,2 млрд теңге қарастырылды деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% – ға оза отырып ұлғайтылды»,-деп мәлімдемеде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.