206
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. АӘТ тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы – міндетті.
Айта кетейік, төлем зейнет жасына дейін төленеді. БЖЗҚ деректері бойынша 2024 жылы 37 мыңнан астам, 2030 жылы 58 мыңнан астам, 2035 жылы 95 мыңнан астам жұмысшы үміткер бола алады. Осылайша, әлеуметтік төлем алушылар саны жыл сайын ұлғаяды.
“2024 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша, республикада 1 156 төлем алушыға 244,9 млн теңге сомасына 2 мың 661 төлем берілді. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 10 алушыға 2,3 млн теңге сомасында төлем жүргізілді” , – деді Светлана Жақыпова.