115
Ақтөбе облысы прокуратурасымен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
Тез арада, жұмыс жасаған прокуратураның қызметкерлері, жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде»,-деп жазылған мәлімдемеде.