Танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген алғаш рет Малайзияда қараша айында алғашқы жеке концертін бермек, деп хабарлайды Elitar.kz әртістің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Димаштың STRANGER шоуы Куала-Лумпурда 19 қарашада Axiata Arena Bukit Jalil-де аренасында өтеді.
Қазақстандық әншінің концертіне билеттерді сату Ticket2U сайтында екі күннен кейін — 21 қазан күні сағат 11:00-де басталады.
Қуанған жанкүйерлер концерттің сәтті өтетініне еш күмәнданбайтындарын айтып, сүйікті әртісіне сәттілік тілеуде.
«Әуеніңіз бұл әлемге мейірім нұрын төге берсін!», «Батыл, қымбаттым!», «Ура! Мен сөмкелерімді жинап жатырмын, керемет жаңалық», «Мен Алматыда концертте болдым. Мен өте қуаныштымын. Бұл таңғажайып шоу енді басқа елдерде де көрсетіледі. Жарайсың, Димаш!», «Біз сені Жапонияда күтеміз», — деп атап өтуде жанкүйерлер.
Естеріңізге сала кетейік, Димаштың айтулы концерті қыркүйек айында Алматының төрінде өткен болатын. Кумирді тамашалауға Қазақстанның оңтүстік астанасына әлемнің 68 елінен жанкүйерлер келген болатын.