КА-168/2 түзеу мекемесінің жанындағы мектепте биыл барлығы 32 сотталған адам білім алған. Оның 16-сы 11-сыныпты тәмамдаса, 13-і 10-сыныпты, ал қалған үшеуі 9-сыныпты бітірді.
Кешкі мектептің директоры Шәмшат Жұбай түлектерді құттықтап, бостандыққа шыққан кезде осы аттестатпен әрі қарай жоғары оқу орындарында түсе алатынын айтты.
“Заң бойынша, түзеу мекемесінде жасы 30-ға дейінгі сотталғандар орта білім алуға міндеттеледі.
Дегенмен, 30-дан асқан сотталғандар арасында жалпы орта білім алғаны туралы аттестаты болмаса, олар білім алуға өтініш білдіре алады.
Биыл кешкі жалпы білім беретін мектепті бітіргендер арасында жасы 50-ге жақын сотталғандар бар. Олар әртүрлі өмірлік жағдайға байланысты бостандықта орта мектепті аяқтай алмаған.
Білім алу қай жаста болса да кеш емес”, – дейді Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.
Аттестат тапсыру рәсімі түзеу мекемесі жанындағы кешкі мектеп оқушылары дайындаған концертпен жалғасты.