Аты шулы қылмыстардың алдын алу: Шымкентте жаңа пилоттық жоба іске қосылды

Теги: ,
406

Қалада «Облыстағы қылмыстың криминологиялық болжамы туралы» пилоттық жобасының тұсаукесері және «Бизнесті қорғау және қолдау» тақырыбында форум өтті.

Жиынға қала әкімі Мұрат Айтенов, Шымкент қалалық прокуратурасының, Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылары, бірқатар басқарма өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Пилоттық жобаны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бас ғылыми қызметкері Индира Сейітқасымова таныстырды. Жобаның басты мақсаты – резонанс тудыратын қылмыстардың алдын алу.

Үшінші мегаполис прокуроры Ғабит Мұқанов қалада қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Талдау көрсеткендей, Шымкентте денсаулыққа ауыр зиян келтірумен байланысты қылмыстар, бұрын сотталғандар жасаған қарақшылық қылмыстар көбейген. Қазіргі жағдайда қылмыс жасау тәсілдері де өзгерді, сондықтан көптеген қылмыстық істер ашылмаған күйі қалып отыр. Құқық қорғау органдары академиясымен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика комитетімен бірлесе отырып, осы мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қылмыспен күресу әдістемесін өзгертіп, қылмыстың барлық себептеріне қатаң әлеуметтік бақылау орнату қажет. Сондай-ақ облыстағы қылмыспен күресудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу қажет», – деді Ғабит Мұқанов.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов прокуратура өкілдерімен бірлесе отырып, әр аудандағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, соның нәтижесінде нақты шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Кәсіпкерлікті дамыту туралы айта келе, бұл дамудың маңызды бағыттарының бірі екенін, сондықтан бизнесті қорғау өзекті мәселеге айналып отырғанын айтты.

Предыдущая запись
Не допустить резонансных преступлений: в Шымкенте стартовал новый пилотный проект
Следующая запись
Сколько дней отдохнут казахстанцы в июле

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню