555
Тіпті бағасына қарап жатқан жан жоқ. Бірер күн бұрын келісі 324-350 теңге арасында сатылып жатқан қант бірден 35-40 пайызға қымбаттып кетті. Оның өзі жеткіліксіз. Себебі Атырауға Ресейден азық-түлік тасымалдайтын 6 оператор-компания қантты жеткізіп бере алмай қалған.
Қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Ерубаеваның айтуынша, сауда орталықтарының қоймасында 250 тонна қант сақтаулы. Қосымша Жамбыл, Алматы облыстарымен келісім бар екен. Бірақ оның бағасының қанша болатыны белгісіз. Ірі маркеттерде бір адамға тек 5 келіден артық сатылмайды. Қазір шағын дүкендерде 500-700 теңгеден саудалануда. Ал кейбір сауда сөрелері бос тұр.