Халық бір апта ішінде ақша жинап, мүгедек жанға кореялық көлік сыйлады

Теги: ,
384

Елімізге танымал журналист Мақсат Толықбайдың бастамасымен бір қолы жоқ мүмкіндігі шектеулі жан автокөлікке ие болды.

Журналист 30 маусым күні такси қызметін шақырып, ондағы жүргізушінің жай-күйін видео арқылы өз парақшасында жүктеген болатын. Оның айтуынша, екі күн бұрын такси жүргізушісін телефон қосымшасы арқылы шақырған. Алғашында жүргізушінің бір қолы жоқтығына мән бермеген ол кейін білген соң таксишіні әңгіме тартқан. Жүргізуші Шымкенттегі зауыттардың бірінде еңбек етіп жүріп, бір қолынан айырылған екен. Кейін отбасын асырау үшін такси жүргізуші болған. Онымен қоса ер кісі онкологиялық дертке шалдыққан көрінеді. Бұл сәттің видеосын журналист Instagram парақшасына жүктеді.

Төртінші билік өкілі Мақсат Толықбай механикалық басқарудағы көлік мүмкіндігі шектеулі жан үшін ыңғайсыз екенін айтқанда, такси жүргізушісі автоматты түрде басқарылатын көлік алуға қаржысы жетпейтінін айтады. Осы сәттен кейін журналист халыққа үндеу тастап, қайырымды іске бастамашы болады. Санаулы күнерден соң халық жинаған қаржыға жаңа көлік сатып алынған. KIA маркалы көлік Оңтүстік Корея елінен әкелінген. Бұған дейін Қазақстанда жүрмеген. Темір тұлпарды табыстаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Көзіне жас алған мүмкіндігі шектеулі жан жұртшылыққа өз алғысын білдірді.

Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары қайырымды іске атсалысқан барша жандарға ризашылықтарын білдірді.

Предыдущая запись
Народ за неделю собрал деньги на новый корейский автомобиль для водителя с инвалидностью
Следующая запись
Түркістан облысы: жолаушы орнына сиыр отырғызған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню