Үй алу үшін 10 млн теңге жинаған келіншекті күйеуі сабап тастады

Теги: ,
392

Мүғалім келіншек үш жылдан бері үй алу үшін ақша жинаған. Жиналған қаржы 10 миллион теңгеге жеткен. Педагог бұл жоспарын күйеуіне айтпаған екен. Оны білген еркек әйелін ұрып тастапты. Бұл туралы белгілі блогер Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында жазды. Айта кетейік, блогер бірнеше жылдан бері баспана мәселесін көтеріп, халыққа қажетті ақпараттарды қарапайым тілмен жеткізіп келеді.

«Сізді 3 жылдан астам уақыт оқимын. Күйеуіме айтпай үйге деп 10 миллион жинадым. Енді соны бүгін айтып едім, «Маған неге айтпайсың? Менен неге тығасың?» деп күйеуім мені ұрып тастады. Өзім мұғаліммін, табысым нашар емес. Енді не істесем болады?.. Түн болса да әлі бұлқан-талқан боп ашулы жатыр. Көзім де көгеріп қалды. Оқырмандар қандай кеңес берер?» делінген жазбада.

Ер кісі әйелінің бұл жоспарын о баста білмегені үшін енді әйелінің үй алуына түбегейлі қарсы болып отыр екен.

Желі қолданушылары келіншектің пысықтығына таң қалып, ондай күйеуден кету керек деп кеңесін берді.

Предыдущая запись
Муж избил жену за 10 млн тенге, которые она собирала на дом
Следующая запись
Казахстан впервые в истории завоевал «золото» ЧМ по легкой атлетике

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню