411
Бұл істі кәсіпке айналдырған екеуі дәрі-дәрмекті үйінен сатыпты. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ерлі-зайыптылардың үйін тінту кезінде 84 дана ақ түсті таблетка, 15 пластинка «Трамадол», 7-10 мл 23 құты «Тропикамид» және 6 құты «Медакс» табылған. Бұл дәрі-дәрмек есірткі секілді зардабы ауыр препарат саналады. Тәркіленген дәрілер БҚО сот сараптамасы институтына жіберілген. Бұдан кейін осы материал бойынша ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті БҚО департаменті шешім қабылдайды. Бүгінде полиция дәрі-дәрмекті заңсыз сататын азаматтарды іздестіріп, рейд жүргізіп жатыр.