​«Қош бол деп айттың, тағы бірдеңе дедің»: Жаңа шыққан ән көпті күлкіге қарық қылды.

Теги: ,
522

Алина Шакиева есімді әншінің жаңа әні әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желідегілердің басым көпшілігі әнді келеке етіп, орындаушыны сынның астына алды.

«Ұйқым келмейді» деген әнге бейнебаян да түсірілген. Оны отандық арналардың бірі көрермен назарына ұсынған.
«Қош бол деп айттың, тағы да бірдеңе дедің,
Сен менен кеттің, кетсең де күнде көремін» деген өлең жолдарынан басталатын әнді орындаушының қазақ тіліне шорқақ екенін де байқауға болады. Ал ән мәтінінде құлаққа түрпідей тиетін тұстары өте көп.
«Ұйқым келмейді содан ұйықтап кетемін,
Түсімде сені соңғы рет құшақтаау үшін…» деген ән жолдарын тыңдармандар тіптен мазаққа айналдырды.

«Ұйқым келмейді, сосын ұйықтап кетемін деген жері бар», «Өлтірді ғой», «Хайп-ау, әйтпесе есі дұрыс адам осындай ән айта ма?», «Қазір ешнәрсеге таң қалатын заман емес. Ақша бәрін шешеді», «Өзім ұйықтап бара жатып тыңдап едім, көрдім де әбден күлкіден жарылдым», «Мынаны көруге ұяласың ғой», «Бастары жасамай ма не?», «Неткен ұйқастық», «Мұрат Әбілдә дұрыс па дедім мынаның қасында», «Соңына дейін тыңдасаңдар, тіпті жарыласыңдар», «Мынаны естіп әнші боламын деп шештім» деп жазды желідегілер.

Предыдущая запись
Ақтөбе: прокурорлар арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында лицензиясыз жұмыс істеген түркістандық компанияны анықтады
Следующая запись
Бапкердің үйлену тойында кішкентай шәкірттері тосын сый жасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню