​Самал -3 шағын ауданы таза ауыз сумен қаматамасыз етілді

Теги: ,
649

Самал-3 шағын ауданында 6 801 отбасы, немесе халық саны 27 090 адамды құрайды. Шағын аудан тұрғындары ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген шағын ауданда жалпы саны 63 көше бар. Оның 24-і асфальт, 39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 14. Ал, сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.

Осыған орай, Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда. Алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек. Жалпы айтар болсақ, аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.

Деседе, 2023 жылы Шымкент қаласының тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту көзделуде. Бүгінде қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді. Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары. Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 7 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елді мекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді.

Сондай-ақ, ауыз суды кестемен пайдаланатын Сайрам және Қайнарбұлақ елді мекендерін ауыз сумен қамту құрылысы және ағымдағы жөндеу жұмыстары биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға берілетін болады.

Предыдущая запись
​​Один из микрорайонов Шымкента на 100% обеспечен водой, газом и электричеством
Следующая запись
Шесть объектов здравоохранения сданы в эксплуатацию в Жамбылской области в преддверии Дня Республики

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню