423
Оқиға 1 тамыз күні Түркістан облысы, Ордабасы ауданы аумағынан өтетін Шымкент-Арыс тас жолының Сарыарық ауылының тұсында орын алған.
«Lada Priora» маркалы автокөлік пен «ВАЗ-21099» көлігі соқтығысып, жол апатын жасаған.
Облыстық Полиция департаментіндегілер «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушы жігіт оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады. Ал «Lada Priora» көлігін тізгіндегі жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда жолаушының бірі ауруханада қайтыс болды.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады»,-делінген департамент мәліметінде.