427
Шымкентте ойын алаңшасына ораулы күйде қалдырылған нәрестенің анасы анықталды.
«Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1995 жылы туылған азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.» -делінген баспасөз хабарламасында.
Жаңа туған нәрестенің табылғаны бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігімен (Қауiптi жағдайда қалдыру) қылмыстық іс тіркелген болатын.
Айта кетейік, 10-наурыз күні туғанына екі-үш күн ғана болған шақалақты көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасынан екі қыз кездейсоқ тауып алды. Дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы екенін айтқан.