Шымкентте LRT және BRT сияқты жаңа көлік желілері пайда болады

Теги: , ,
425

Үшінші мегаполисте қаланың бас жоспарын нақтылаудың бірінші кезеңі жүріп жатыр.

Бес күн ішінде Шымкент қаласының бас жоспарымен 400-ге жуық тұрғын танысса, 30 адам жазбаша ұсыныс-пікір қалдырған. Оларды мамандар құжатты одан әрі әзірлеуде ескеретін болады. Бұл туралы қалалық баспасөз мәслихатында айтылды.

Еске салайық, құжат 21 маусымда қоғамдық талқылауға ұсынылған болатын. Бір айдың ішінде кез келген Шымкент тұрғыны онымен танысып, пікір қалдыра алады.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бастаған жұмыс тобы қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттарын құжатпен таныстырды.

Шымкент қаласының бұрынғы бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Әрине, ол кезде қаланың ауданы басқаша еді. Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін жаңартылды. Жаңа құжат, Шымкентті 2035 жылға дейін дамыту жоспарында қала аумағы 275 кварталға бөлінген.

Алғаш рет 117 000 га жерге 1:10 000 масштабтағы векторлық топографиялық түсіру жүргізілді.

Полицентристік принцип те қолданылады, яғни енді қала және қала маңы деген ұғымдар болмайды – әр ауданда өзінің әлеуметтік нысандары, демалыс аймағы болады.

«Сонымен қатар, жаңа құжатта LRT, BRT сияқты көлік желілері орналастырылады. LRT — жеңіл рельсті жол, ал BRT — арнайы жолақтағы автобус. 2012 жылғы бас жоспарда желдің қалаға қарай бағыты ескерілмеген. Ол негізінен шығыстан соғады, қазіргі жоспарда желдің соғу бағытын ескере отырып, қаланың батыс аймағындағы жаңа индустриялық аймаққа ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру жоспарлануда. Шымкенттің солтүстік-шығыс бағытында көпқабатты үйлер көптеп салынады», — деді Мақсұт Исахов.

Жаңа бас жоспардың схемасымен қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат депутаттары танысты.

«Осы құжаттағы маңызды жайттардың бірі – инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды салуды дұрыс жоспарлау. Соңғы бас жоспар жасалғанда қала тұрғындарының саны басқаша болатын. Демографиялық және көші-қон факторларына байланысты Шымкент тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді. Кептелістерді азайтып, көлік жол айырықтарын дамыту маңызды. Бұл бағыттағы барлық жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы, Шымкент заманауи мегаполистің барлық талаптарына жауап беретін қалаға айналады деп жоспарлап отырмыз», – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Жаңа бас жоспарды нақтылау жұмыстарының екінші кезеңі күзге дейін қалалық мәслихат депутаттарының назарына ұсынылмақ.

Айта кету керек, Шымкент қаласының бас жоспарын «Градкомплекс» ЖШС әзірлеп жатыр. Мердігердің тәжірибесі мол және Қазақстанның көптеген қалаларының жоспарларын жасауға үлес қосты. Компанияның шақыруымен Шымкентке Киев, Минск, Санкт-Петербургтен білікті мамандар келді.

Предыдущая запись
Новые транспортные сети по типу ЛРТ и БРТ появятся в Шымкенте
Следующая запись
Алматы должен стать лидером в Центральной Азии по количеству арт-мероприятий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню