Шымкенттік оқушылардың 75 пайызы жазғы мектепте қалды

Теги: , ,
460

Жазғы мектептер мамыр айының соңынан бастап жұмыс істей бастады. Олардың есігі 17 — маусымға дейін оқушылар үшін ашық. Шымкент қалалық білім басқармасының хабарлауынша, жазғы дайындық білім деңгейін көтеруге және оқудағы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған, деп хабарлайды elitar.kz.

Жазғы мектепке шымкенттік оқушылардың 75 пайызы – 1-8, 10 сынып оқушылары, 9 сынып түлектері, барлығы 138 білім мекемесінен 140 мыңнан астам оқушы барды. Баланың жазғы мектепке баруы үшін ата-ана өтініш жазуы керек.

Жазғы уақытта сабақтарды жалғастыру үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Балаларға тәрбие сағаттары, мәдени шаралар, психологиялық тренингтер, спорттық турнирлер ұйымдастырылды. Жазғы мектепте оқушылар сынып деңгейіне қарай негізгі пәндер бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, талдау тапсырмаларын орындайды. Қосымша үйірмелер де ұйымдастырылды. Олардың арасында шахмат пен тоғызқұмалақ та бар.

Мәдениет басқармасындағылар шәкірттерді Оқушылар сарайына, «Ақылдым» журналының редакциясына, дене шынықтыру және сауықтыру орталықтарына, спорт мектептеріне, көрме орталығына және қалалық мұражайларға алып баруды жоспарланғандарын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жазғы мектептердің жұмысы қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді.

«Жазғы мектеп-бұл өз білімін шыңдауға, олқылықтардың орнын толтыруға тамаша мүмкіндік. Біз пандемия оқуға жақсы әсер етпегенін және мектеп оқушыларының білім жоғалтуы мүмкін екенін білеміз. Кейбір елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылы ұзартылды. Біз оқу жылын ұзартпадық, бірақ жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыларға жазғы мектепке баруды ұсынамыз», — деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Ол жазғы мектеп әдеттегі сабақтар форматында өтпейтінін атап өтті. Оның орнына балаларға ыңғайлы болу үшін математика, ағылшын тілі, физика және т.б. сияқты негізгі пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылады.

Предыдущая запись
75% школьников Шымкента остались в летней школе
Следующая запись
В третьем мегаполисе страны сменился главврач

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню