Соққыға жығылған жасөспірімнің анасы баласын ұрғандар мен мектеп басшылығының жазаланғанын талап етті

Теги: ,
453

Айтуынша, Исатай орта мектебінде баласына әлімжеттік бұдан бұрын да жасалған. Ұлымның жасамаған ісін мойынына алуын талап етіп, ұрып-соққан. Оны біле тұра мектеп басшылығы көз жұмып келді,- дейді.

Анасының айтуынша, оқиға 20 -мамыр күні түстен соң болған. Баласы үйіне футбол ойнап жүріп, ауыртып алдым,- деп болған жағдайды айтпаған.

«Бұған дейін қаншама іс болған осындай? Білім бөлімі, мектеп тек жақсы жағын көрсетіп, жаман жағын жауып келгеннің кесірінен болған мынау. Жасамаған нәрсені мойындатқан жоғары сыныптағылар. Әлімжеттік жасаған. Балам аяғын сылтып басқан соң, сұрағанда, футболда құладым,- деді. Сенбі күні кешкі 20:30 шамасында балам аяғын баса алмай қалды. Қазақ емге апарайын деп, қарасам, сау-тамтық қалмаған. Сол кезде түсірілген видео. Мен бір жерге таратайын деп, біреуден бір нәрсе алайын деп түсірген жоқпын. Жан айқайын жеткізейін деп айттым. Оны чаттарға таратқан басқа ата-аналар болуы мүмкін. Мен тек ауылдың чатына жібердім. Баламды бір-екі емес, бірнеше баланың ұрғанын да полицияға жауап беріп жатқанда естідім. Не деген қатыгездік. Баламды әбден сабап, кейін өзінің достарына ұрғызған. Достарыңды сатпайсың, бізді ұрды деп айтпайсың,- деп. Балалардың жаза алуын, мектеп ұжымының да осыған жеңіл желпі қарағаны үшін жазалануын талап етемін», – деді анасы Гүлзада Мұсағалиева.

Исатай орта мектебінің директоры жағдайдан хабардар. Оқиға сабақтан тыс уақытта болды,- дейді. Аталған оқушылармен бұрын да кикілжің орын алғанын растайды.

«Балалармен сөйлесіп жатырмыз. «Сөзіне тұрмайды. Уәдесіне тұрмайды. Айтқан сөзінен тайқиды. Сол себепті ұрдық» ,- дейді. Балалар сабақтан кеткеннен кейін үйіне барады. Көшеге шығып, алаңға барып, футбол ойнайды. Сол уақытта араларында шамасы конфликт болған. Үйіне кеткеннен кейін де ата-ана қарау керек қой. Мен жауапкершіліктен қашпаймын. Бала мектептікі,- деді Исатай орта мектебінің директоры Айгүл Әділова.

Полицияға жасөспірім оқушының анасы арыз түсірген. «Аталған жәйтке күдікті ретінде сол мектептің 9 — сынып оқитын екі оқушысы анықталды. Қылмыс бойынша ҚК 107 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейрім Ердәулет.

Предыдущая запись
Главного специалиста ДГД по ЗКО заподозрили во взятке в 40 млн тенге
Следующая запись
Орал: Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 миллион теңге парамен ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню