Түркістан облысы: тұрғындар шіркеймен алысып әлек

Теги: ,
363

Түркістан облысындағы Отырар мен Арыс ауданының тұрғындары күн ысығалы бері бет-ауыздарын тұмшалап алған. Өйткені ауданда шіркей қаптап кеткен. Тұрғындар таңнан қара кешке дейін көшеге шыға алмай қалдық, балалар да ойнамақ тұрмақ сабаққа баруды қойды. Күні бойы үйге тығылып отырмыз дегенді айтады. Тіпті мал да өріске жайылмай қайтып келеді екен.

-Малдың өзі қазір жайылудан қалып, қорада көлеңкеде тығылып жатыр. Тек түнде ғана жайылады. Күндіз малдың да, адамның да жүруі мүмкін емес. Осыдан екі үш жылға дейін сеуіп жүрді дәріні, кейінгі кезде қазір дәрі себілу тоқтап тұр. Шіркейлер малдың бет — аузын жеп қояды, жаңадан туған төлдерді де жеп қояды. Мысалы ен салған кезде құлағын жабылып қанатып жібереді ғой… Малдың көзінен шағады, тұмсықтан шағады. Жаңадан ашып жатқан балапанның бәрі өліп қалып жатыр. Көзіне, бетіне жабысып қалады, қанын сорады. Басы іседі де өле береді, -деді Сарыкөл ауылының мал дәрігері Ерлан Алтанов .

Мұндай қиындық әсіресе Сырдария өзені мен су қоймасына жақын орналасқан ауылдарда туындаған. Ауыл азаматтары қатты қиналып жүргендерін айтады. Шіркейлер тістеген жер маса шаққаннан бетер дейді. Тұрғындар соңғы екі жылда шіркейдің тым көбейіп кеткенін жеткізді.

Жауапты басқармадағылар былтыр дәрілеу жұмыстарына облыстық деңгейде қам жасай алмағандарын жасырып отырған жоқ. Биыл ертерек қамтанамыз деп отыр.

Бақытбек Убайдин, Түркістан облысы Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

Биылғы ауа райы шіркейлердің көбеюіне қолайлы болып тұр. Жауыннан соң көлшіктер көп. Жазда бұл қиындық сейіледі. Ал жалпы былтыр қамдана алмауымыз бізде сот рәсімдері жүрді, сол себепті жыл бойы соттың мәселесімен шыға алмадық. Соған қарамастан осы жылға да біз тиісті жұмыстарды қарастырып жатырмыз. Алдағы мамыр айында сессияда қаралып, қаражат жағы шешіледі деп күтілуде. Шіркейлерге залалсыздандыру жұмыстары қазір аудан қала әкімдіктері тарапынан жүргізіліп жатыр. Арыс ауданында тиісті жұмыстар жүруде, Отырар ауданы бойынша да жұмыстарды бастап жатыр.

Предыдущая запись
Атырауда алаяқ келіншек сотты болса да әрекетін қоймаған
Следующая запись
370 тысяч тенге получает аким города Абая за свою работу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню