Қазмедиа орталықта Astana Media Week-2022 өз жұмысын бастады

397

26 қазанда Астанада күздің басты медиа оқиғасы — Astana Media Week-2022 басталды.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, дәстүр бойынша алтыншы жыл қатарынан «Қазмедиа Орталығы» телерадиокешені отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлерді, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, ақпараттық платформалардың басшыларын, сонымен қатар журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшыларды біріктіріп, олардың тәжірибесін, идеяларын және жұмыс нәтижелерін алмасу үшін жаһандық жиынға жинайды.

Astana Media Week үш күнге – 26-28 қазан аралығында жалғасады, оның барысында 150 отандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам іс-шара өтеді. Жылдың басты тақырыбы ретінде «Жаңа дәуір – жаңа медиа» болып таңдалған, ол жобаның үш құндылығын ашады, олар – жаңа дәуірдегі сенім, жаңа уақыттағы кәсібилік және БАҚ-тың үздіксіз дамуы болып табылады. Бүгінде мұның бәрі әлеуметтік келісім мен коммуникациялық серпілістердің негізі болса керек.

Медиа апта «Контент-маркет» көрмесінен басталады, оған республикалық және өңірлік телеарналар қатысып, сондай-ақ 50-ден астам продакшн-компаниялар ұсынылады. Жаңа телебағдарламаларды, реалити-шоуларды, мультфильмдерді, көркем және деректі фильмдерді таныстыру үшін ашық питчинг ұйымдастырылады, онда продакшн-студиялар инвесторлар мен сатып алушыларды табу мақсатында өздерінің эксклюзивті бейне контентін таныстырады, ал жабық тақырыптық питчингтерді «ҚАЗАҚСТАН «РТРК» АҚ және «Хабар Агенттігі»АҚ өткізетін болады.

Meta — медиаапталықтың жеке тақырыбы ретінде қарастырылады. Метағалам бұл цифрлық шындық, миллиондаған адамдар желіде кездесіп, миллиондаған виртуалды кеңістікте өзара әрекеттесетін 3D виртуалды әлем. Метаның дамуы БАҚ-қа қалай әсер етеді? Қазіргі таңда медиа үшін қандай артықшылығы бар? Бұл сұрақтарға негізгі пленарлық отырыста еліміздің белгілі саяси қайраткерлері мен іс-шараның хедлайнерлері ретінде шақырылған META және TikTok командалары жауап береді.

Пленарлық сессияға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және арнайы шақырылған қонақ ретінде — Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов қатысты. Орталық Азия өңірі қазір белсенді саяси және экономикалық реформалар кезеңін бастан кешіруде.

Оң өзгерістермен бірге халықтың сапалы және объективті ақпаратқа деген сұранысы артып келеді. Бұл ақпараттық қоғамдастықтың алдында тұрған жалпы сынақ.

Бірінші күні AMW қатысушылары панельдік сессия аясында Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан сияқты Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ортақ сын-қатерлерге ортақ жауаптарды қалай табуға болатынын талқылайды. Әлеуметтік желілерде медиа өнімдерді жасайтындарды айтпай кету мүмкін емес – бұл жаңа медиа өкілдері, ықпал етуші – блогерлер. Пікірталас алаңында блогосаланың эволюциясы, интернет-ресурстарды монетизациялау мәселелері де талқыланатын болады.

Сонымен қатар, 26 қазанда Astana Media Week аясында Nickelodeon телеарнасы мен Turanews.kz жаңа ақпараттық порталының тұсаукесері өтті.

Форумның екінші күні «Қазақстандағы жарнама медиа-нарығы: қазіргі жағдайы» тақырыбындағы пікірталас алаңынан басталады, онда Орталық Азия жарнама қауымдастығының сарапшылары мен ірі ТВ-сейлз-хаустардың өкілдері 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша жарнамалық медиа нарықтағы ағымдағы жағдай туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ, екінші күннің бірінші жартысында «Сериал индустриясының жаңа кезеңі» панельдік секциясы барысында отандық продакшн-студиялардың өкілдері, «Хабар Агенттігі» АҚ, «ҚАЗАҚСТАН «РТРК» АҚ, «31 арна» республикалық арнасы және басқа да медиа сарапшылар 2023 жылға арналған жаңа сериялардардың идеялары мен тақырыптарын ұсынатын болады. Жеке секцияларда журналистерді даярлау мәселелері талқыланады. Бұл өте өзекті мәселе, себебі журналистердің кәсіби құзыреттілігінің трансформациясы БАҚ туралы Заңның жаңаруына байланысты пісіп жетіліп отыр.

Сонымен қатар, «Журналист мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтетін болады, оған Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысады. Дәстүрге сүйене отырып, Astana Media Week аясында қазанның 27-ші жұлдызында Қазақстанның барлық қалаларынан медиа саланың өкілдері өңірлік БАҚ форумында жиналып, өңірдегі медиа саланың трендтерін, проблемалық мәселелерін және олардың даму жолдарын талқылайды.

Сонымен қатар, медиаапталықтың екінші күні 15 жылдық мерейтойын атап өтетін Бас редакторлар клубының форумы өтеді. Форумда БАҚ менеджменті саласындағы білімді арттыру және саладағы кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланады.

Үшінші күні Қазақстанның баспасөз хатшылары үшін бөлек сессия жұмысы қарастырылған. Бұл сессия журналистермен қарым-қатынас жасау, дағдарыс жағдайында жұмыс істеу және БАҚ этикасы тақырыптарына арналған семинарлар сериясы форматында өтеді.

Барлық оқу уоркшоптарының соңында Үздік баспасөз хатшысы марапатталып, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстау рәсімі өтеді. Astana Media Week дәстүрлі түрде баспасөз, радио, Интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін «Үркер» сыйлығының салтанатты рәсімімен аяқталады.

Предыдущая запись
В Казмедиа-центре стартовала Astana Media Week-2022
Следующая запись
​Таразда ер кісі қарт тұрғынның үйін тонаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню