​«Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылмақ

349

Шағын және орта бизнеске арналған «Стандарт» индустриялдық аймағы келесі жылы іске қосылады. Жаңа нысан бұрынғы қорғасын зауытының аумағында орналасқан.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үшінші мегаполиске іс сапары барысында индустриалды аймақтың құрылысымен танысты.

Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриалды аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаң салу жоспарланған. Сондай-ақ, мұнда арнайы қоймалар да салынады. Жалпы құны 30 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталса, 2 мыңнан астам халық жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, мұнда «Іскер қала» жобасы жүзеге асады деп күтілуде. Яғни, кәсіпкерлер үшін өндірістік бизнеске арналған орынның ақысына субсидия қарастырылады. Қазір мұнда инфрақұрылым жүйесі тартылғанымен, алдағы уақытта оның қуаттылығына тапшылық туындайды. Сондықтан сала жауаптылары министрлікке қосымша 3,5 млрд. теңге көлеміндегі қаржы бөлуге өтініш тастаған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев: « Бұл жерде бірінші кезекте жеңілдетілген несие береміз. Мұнда кәсіпкерлерге дайын орын дайындап береді. Яғни кәсіпкерде инвестициялық шығыны болмайды. Дайын орынға келіп өндірісін бастап кетеді. Орынды жалға алады. Жалға алу үшін тек құрал жабдыққа ақша керек. Сондықтан «Іскер қала» аясында 1,2 пайызбен 50 млн. теңгеге дейін кәсіпкерлерге береміз шағын өндірушілерге» -деді.

«Осылардың барлығы жасалса өте жақсы. Кәсіпкерлерге ірі мүмкіндіктер ашылады. Біздің негізгі мақсат – экономикалық саясаттың негізі, шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және дамыту. Себебі ШОБ оның негізі. Ол қоғамға жақсы, экономикаға жақсы. Әйелдердің кәсіпкерлігінде тарту керек белсенді түрде. Себебі олардың да қосар үлесі жоғары»,- деді Ә.Қуантыров.

Шымкент қаласы республикада инвестиция тартудан көш бастап отыр. Шаһарда 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн.теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Осы жаңа бастамалар арқылы 20 мыңнан аса жұмыс орындары құрылмақ. Оның ішінде 2022 жылы құны 241 млрд.теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен бірге, жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында биыл қалада 52,3 млрд.теңгеге 16 жоба іске асырылып, 1 043 жұмыс орны құрылады.

Дерек көзі: ОтрарTV

Предыдущая запись
Жители села Карасу в Туркестанской области недоумевают, зачем маленькому поселку второй спорткомплекс
Следующая запись
Этническая казашка получила Государственную премию Китая

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню