Биыл Шымкенттегі көпқабатты үйлерде 16 лифт жаңартылады

Теги:
371

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында тоғыз көпқабатты тұрғын үйдегі 16 лифт жаңартылады.

Жыл басынан бері қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапа бөлімі мамандары 70 лифт тексерген.

Әсіресе, Тұран және Нұрсәт шағынаудандарындағы көпқабатты үйлерде жеделсаты жиі істен шығады. IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан өтініштердің жиі түсуі бұған дәлел. Бұл үйлерді әкімдік пен лифт саласының өкілдері аралап, лифттердің жағдайын тексерді. Оның қорытындысы бойынша қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбек кемшіліктерді жою бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкентте барлығы 639 лифт бар. 515 лифт көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған. Лифттер істен шыққан немесе оқыс оқиға болған жағдайда IKOMEK орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет.

Предыдущая запись
Ущерб на 118 млн тенге нанесла государству кызылординская компания
Следующая запись
Орал: ауыр жол апатынан бір адам опат болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню