Құрбан айт: Шымкент қаласының санитар мамандарының ұсыныстары

Теги:
368

Биыл Құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтеді.

Қала тұрғындары арасында COVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуын болдырмау үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мыналарды ескеруді ұсынады:

малды сою тек ветеринариялық сертификатпен жүзеге асырылады;

Qurban2022.kz сайтына өтінім беру арқылы құрбандық шалуды онлайн ұйымдастыру мүмкіндігін пайдаланыңыз;

қоғамдық іс-шаралар кезінде, адамдар көп жиналатын орындарда, жабық орындарда қашықтықты сақтаңыз, бетперде киіңіз және қолды антисептикпен жиі сүртіңіз;

қоғамдық тамақтану орындарында (тойхана, мейрамхана, дәмхана, асханалар, мешіттер және т.б.) және ғұрыптық іс-шараларды өткізуге қызмет көрсететін объектілерде әртүрлі іс-шараларды өткізу кезінде үйде дайындалған тағамдарды қолданбау;

тез бұзылатын тағамды тек тоңазытқышта сақтаңыз. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе сүт өнімдерін, салаттарды сатып алғанда, жарамдылық мерзіміне, шығарылу мерзіміне назар аударыңыз, пісірілген тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;

кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ сатып алмаңыз;

жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз, бірақ пісірілген тағам тағы бір күнге қалса, оны тұтыну алдында термиялық өңдеу (қайнату немесе қуыру) қажет.

бөлмеде үнемі тазалықты сақтау және жеке гигиена ережелерін сақтау, кішкентай балаларға қайнатылмаған сүт, шикі жұмыртқа бермеу, тамақ дайындау үшін тек жаңа өнімдерді пайдалану.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.

Иллюстративное фото: aktobetimes.kz

Предыдущая запись
Курбан айт: рекомендации санэпидемиологов Шымкента
Следующая запись
Туркестан: открылся Президентский парк с искусственным озером

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню