Шымкентте 17 кәсіпорынның жұмысшыларына жалақы қарызы өтелді

Теги:
386

Шымкентте жыл басынан бері қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерінің қадағалауымен 17 кәсіпорындағы 1200-ден астам қызметкердің жалақы қарызы өтелді.

Жұмыс берушілердің жалақы бойынша жалпы берешегі 200 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы қала әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысында белгілі болды.

Бөлім басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары, жұмыс берушілер мен қалалық кәсіподақ өкілдері қатысқан комиссия отырысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеу, еңбек қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелері басты назарда болды.

Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың айтуынша, қазіргі таңда қызметкерлердің өмірін сақтандыру маңызды болып отыр. Құрылыс саласында ауызша келісімге және қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасалуына байланысты қауіпті жұмыстармен айналысатын жұмысшылар сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Осы бағытта ішкі еңбек нарығын қорғау, төменгі жалақы деңгейін көтеру, көлеңкелі экономикадағы еңбек кірістерін ресми бағыттарға аударуды көздейтін ұсыныстар әзірленетін болады.

Жиын барысында «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасын жүзеге асыру және «Еңбек жолы» байқауын өткізу және балалар еңбегінің қиын түрлерін жою бойынша 2022-2024 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыру барысы да талқыланды.

Мемлекеттік органның ақпараты бойынша, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу (үшжақты) жөніндегі комиссияның қала аумағындағы еңбек қатынастары саласын қалыпқа келтіру, әлеуметтік шиеленістің, жалақы бойынша берешектің алдын алу, еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі жұмысы да нәтиже береді. Алдағы уақытта Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында өтініштер мен шағымдармен жұмыс істеудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік – процестік кодексінің нормаларын қолдануға және «е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жағдайында кездесетін мән-жайларға қатысты мәселелер қаралатын болады.

Предыдущая запись
В Шымкенте погашены долги по зарплате работникам 17 предприятий
Следующая запись
Бизнес-леди Шымкента поздравили детей с праздником

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню