Шымкентте 2022 жылдың үздік тауары анықталды

Теги:
382

Шымкентте екі жылдық үзілістен кейін «Қазақстанның үздік тауары-2022» облыстық байқау-көрмесі қайта жалғасып, оның аясында жергілікті тауар өндірушілердің үздік тауарларының көрмесі өтті.

Қаланың тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс өнеркәсібінің 70-тен астам тауар өндірушісі өз экспозицияларын орталық саябақта көпшіліктің назарына ұсынды.

Байқау-көрмеге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихат депутаттары, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.

Байқауға қатысушылардың қатарында кәсібін жаңадан бастаған жатқандар мен қазірдің өзінде танымал отандық тауар өндірушілер бар. Көрмеге алғаш рет оннан астам жаңа кәсіпорын қатысты, оның ішінде «Бесқұдық тас» ЖШС (сәнді тастар өндірісі), « Topseller of chemical products» ЖШС (дезинфекциялық және жуғыш заттар өндірісі), « Qut-Bereke Qurylys» ЖШС (металл құрылымдары), «Quraq group» ЖШС (трансформер жиһаз), «Alem Luxury» ЖШС (жиһаз), «BARAKA IP» (сүт өнімдері), «NURTAU distribution company» ЖШС (сұлы шоколады мен сағыз өндіру), ЖК Петухова (есіктер) бар.

Байқау қонақтары көрмеге қойылған тауарлардың сапасын жоғары бағалап, сүйікті өнімдерін арзан бағамен сатып алды.

Тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтардың, салалық қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылған сараптама комиссиясы үш аталым бойынша конкурс жеңімпаздарын анықтады:

— «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

— «Үздік өнеркәсіп тауарлары»;

— «Үздік азық-түлік өнімдері».

Байқауға қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийлері өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі болды.

Жеімпаздар болып:

  1. «Үздік өнеркәсіп тауарлары» — «Мега Смарт» ЖШС, «Казмедпром» ЖШС, « Qut Bereke Qurylys» ЖШС
  2. «Халыққа арналған үздік тауар» – « NURTAU distribution company» ЖШС, «Бал Декор» ЖШС, «Байтемірова Р.С.» ЖК.
  3. «Үздік азық-түлік тауарлары» — «Рахат Шымкент» ЖШС, « Phyto apipharm » ЖШС, « Nefis group » ЖШС танылды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2022» байқауының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама табыс етілді.

«Байқау-көрменің мақсаты халық арасында сапа идеясын насихаттау екені сөзсіз. Бүгін біз оны жаңа форматта –тұрғындар жергілікті өндірушінің тауарын өз көзімен көріп, бағалап, ұнаған өнімдерін сатып алсын деп саябақта халықтың сүйікті орнында өткіздік. Ал кәсіпкерлер мұндай іс-шаралар кезінде өз мүмкіндіктерін бағалап қана қоймай, жаңа серіктестер тауып, солармен бірге бизнесін кеңейтуге мүмкіндік алады», — дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Шымкенттегі Орталық саябақта өтіп жатқан көрме үш күнге созылады.

Еске салайық, «Қазақстанның үздік тауары» байқауы қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған және ішкі нарықты сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесуге арналған.

Предыдущая запись
Лучшие товары 2022 года определили в Шымкенте
Следующая запись
В Шымкенте тополь упал на припаркованный автомобиль

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню