Шымкентте жазғы демалыс басталғалы түнде серуендеп жүрген 150-ден астам бала анықталды

Теги:
475

Шымкент полиция департаментінің ювеналдық полиция инспекторлары жаз басталымымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті. 26 мамырдан бері полиция қызметкерлері мегаполисте түнде заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүрген 155 жасөспірімді анықтады. Ал балаларының түнгі жүрісі үшін ата-аналар жауапқа тартылады.

ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандар сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көшеде жалғыз жүргені үшін 151 азаматқа ескерту жасалды. Осы баптың бірінші бөлігі бойынша баласы сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін төрт ата-анаға жаза қолданылды, ал кәмелетке толмағандардың осы мекемелерде болуына жол бергендерге ҚР ӘҚбК 132-бабы бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, кәмелетке толмаған бала түнде көшеде ұсталса, полиция бөлімшесіне жеткізіледі, оның жеке басы анықталып, ата-анасына хабарланады. Егер ол ойын-сауық мекемесінде ұсталса, ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер көшеде ұсталса, онда бірінші рет ескерту жасалады. Алайда, кейін тағы көшеде жүрсе, оның ата-анасына 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Полицейлер ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балаларды бақылаусыз қалдырмауға шақырады.

Предыдущая запись
Свыше 150 гуляющих ночью детей с начала летних каникул выявили в Шымкенте
Следующая запись
В Карагандинской области состоялось открытие военно-патриотического сбора молодежи «Айбын»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню