322
Елордада зейнеткер әжей көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысында қамалып қалды. Оқиға 26 шілде күні Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Өрт сөндіру қызметіне тұрғындардың бірінен жеделсаты өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер онда электр сымдарының қысқа тұйықталғанын анықтады.
«12 және 13 қабат аралығында жеделсатының ішінде 1957 жылы туған әйел адамның қалып қойғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер әйел адамды аман-есен жеделсатыдан алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол медициналық бригадаға тапсырылды»,-делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.