Оқиға Ақмола облысы Астрахан ауданында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1115 шақырымында «ВАЗ 21100» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Жалтыр ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Волга» маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген. Апат салдарынан «ВАЗ 21100» автокөлігі кюветке құлап кетіп, бірнеше рет аударылған. Көлікті Жалтыр ауылының 25 жастағы тұрғыны тізгіндеген. Кейінірек белгілі болғандай, жас жігіт бұл көлікті ұрлап айдап әкеткен екен. Сол күні полицияға 46 жастағы жергілікті тұрғыннан танысы үйдің бірінің жанында тұрған анасының көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен. Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігімен «автокөлікті заңсыз иемдену» сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта 25 жастағы тұрғын ауруханада емделуде.
Ақмолада көлік ұрлап кеткен жас жігіт жол апатына түсіп аударылды
386
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті