Ақмола облысы, Степногорск қаласында өзін қызмет көрсетуші компанияның өкілі ретінде таныстырған ер адам зейнеткерді тонап кетті.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларынан 1956 жылы туған жергілікті тұрғын көмек сұраған. Орта жастағы әйелдің айтуынша, жеке тұратын 87 жастағы анасының үйіне белгісіз ер адам алдау жолымен кіріп, 500 мың теңгесін ашық түрде ұрлап кеткен.
Қарт тұрғынның айғақтары бойынша қаскүнем өзін қызмет көрсететін компанияның қызметкері ретінде таныстырып, әжейді өзіне 2 мың теңге көлемінде қарыз беруге көндірген.
Ер адамға сенген зейнеткер күдіктінің көз алдында барлық жинақтарын алып шыққан. Осы кезде ер адам оның барлық ақшасын жұлып алып, қашып кеткен.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында Степногорск полицейлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жақын маңдағы ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі «тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады» деп атап өтті ведомствадағылар.