​Аңшылыққа шықпақ болған екі ер кісі жанжалдасып, бірі екіншісінің аяғынан атты

Теги: ,
366

Оқиға Жетісу облысына Көксу ауданындағы Мақаншы ауылында болған. Полицияға 45 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар келіп түскен. Тергеу барысында жәбірленушіні Талдықорған қаласынан қонаққа келген жақын танысы мылтықтан жаралағаны белгілі болды.

«Ер адамдар аң аулауға шығуды алдын-ала жоспарлағаны. Ішімдік ішіп барысында олардың арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан қонақ аңшы мылтығын пайдаланып, үй иесінің аяғын атып тастаған. Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 12 калибрлі «ИЖ» мылтығы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тігілді», — деп хабарлады Көксу аудандық полициясы.

Тергеу барысында ұсталған күдіктіге қатысты «келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Предыдущая запись
Осыдан тура 10 жыл бұрын Рио-де-Жанейродағы Селарон баспалдағында Kazakhstan жазуы пайда болды
Следующая запись
Глава МИОР в Туркестане встретился с главными редакторами местных СМИ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню