Патрульдік полиция түнгі уақытта көшеде жол ережесін бұзған «Ваз-2114» автокөлігін тоқтатқан.
Тәптіп сақшылары 37 жастағы көлік жүргізуші мен қасындағы екі жолаушының жүріс-тұрысына күдіктеніп, жеке басын тінтіген. Көлік жүргізушісінен «марихуананың» газетке оралған 6, ал жолаушылардың бірінен 15 пакеті табылған. Жалпы салмағы 800 грамм есірткі тәркіленді», — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Ұсталған үш адамның екеуі тергеу изоляторына қамалды. Үшіншісі қолхатпен босатылған. Себебі, одан есірткі табылған жоқ.