400
Ақтөбедегі медицина университеті студенттерінің тәуелсіз емтиханда төмен баға алуына жүйедегі техникалық қате себеп. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жағдайды тексерген кезінде тест кодтарында бірқатар техникалық сәйкессіздік анықталған.
«Жүйеде дұрыс ескерілмеген ұпайлар студенттің пайдасына қайта қаралады. Студенттердің білімін төмен бағалаудың себептерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда республикалық аппеляциялық комиссияға барлық техникалық іркілістер жойылғаннан кейін емтихандар нәтижелерін талдау және емтиханды қайтадан бастапқы тапсыруға жіберу туралы сұрау жіберіледі», делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.