385
Бұл деректі Алматы аудандық прокуратурасы анықтап отыр. Аудандық прокурор Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, тұрғылықты жері жоқ жандардың құжаттарын реттеумен айналысқан орталық басшылығы олардың атына бизнес тіркелгенін біліп, прокурорлардан тексеріп беруді сұраған. Нәтижесінде өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын 14 адамның кәсіпкер немесе компания директоры мен құрылтайшысы ретінде тіркелгені анықталды.
«Бизнес иелері» бұл кәсіптерден бейхабар. Атына «бизнес» ашылған жандардың үшеуі 1 және 2 топтағы мүгедек», — деді прокурор. Мұндай «бизнестен» белгісіз біреулер 2021 жылдың басынан 2022 жылдың сәуіріне дейін 800 миллион теңге табыс тапқан. Іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды.