397
Оқиғаның қалай болғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам лото ойнайтын жерге түнде барған. Қолында шыны бөтелке бар. Полицияның ақпараты бойынша, тонаушы сол бөтелкемен кассир мен күзетшіні қорқытып, кассадан 550 мың теңге ұрлап кеткен. Епсіз ұрыны тәртіп сақшылары тез қолға түсірді.
«Жедел іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні ұстап, ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес тергеу изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабымен «Тонау» дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.