Ақтөбе: мүгедекті шипажайға жібермегені үшін облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері жауапқа тартылады

Теги: ,
262

Облыстың бас прокуроры Марат Қайбжановтың айтуынша, аталған департамент мамандары қолында цереброваскулярлы ауру диагнозы туралы медициналық құжаты бар болса да, үшінші топтағы мүгедекке санаторлық-шипажайлық ем тағайындамаған.

«Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі тағы 33 адамның жеке оңалту бағдарламасы жасалмағанын анықтадық. Осындай оңалту бағдарламасы аясында 139 мүгедек адам протез, мүгедек-арбасы, басқа да жүріп-тұру құралымен қамтамасыз етілмеген. Мүгедектігі бар жандар салық төлеуден босатылғанына қарамастан, 86 азаматтан 1 миллион теңгеден астам түрлі салық төлемдері ұсталған», — деді бас прокурор.

Сонымен қатар, прокурорлар үйде оқитын мүгедек баласы бар 50-ден астам ата-ананың тиісті әлеуметтік жәрдемақы алмағанын да тексеру кезінде білген. Кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және заң бұзушылықтарды жою үшін қадағалау актілері енгізілген. Әлеуметтік қорғау департаменті қызметкерлеріне қатысты қандай шара қолданылатынын тәртіптік кеңес шешеді.

Предыдущая запись
Атырау: Бес жастағы егіз қыз үшінші қабаттан құлап кетті
Следующая запись
Врачи рассказали о состоянии пострадавших в ДТП в Карагандинской области детей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню