470
Байғанин ауданы, Оймауыт елді мекенінің екі тұрғыны 22-сәуірде аналық екі ақбөкенді атып алған. Екеуінің де ішінде төлі болған.
“Ұсталғандарды аудандық полицияға тапсырдық”,- деп хабарлайды Жануарлар дүниесін қорғау қызметі басшысының орынбасары Мұхит Ақоев. Оның айтуынша, табиғатқа келген шығын шамамен 10 млн теңгеге бағаланып отыр.
Айта кету керек, елімізде 2023-жылға дейін бөкен атуға мораторий жарияланған. Браконьерліктің алдын-алу үшін қазір республика аумағында “Киік” акциясы өтіп жатыр. Аң төлдейтін уақытта бақылау күшейеді.