Ақтөбе: Марат Оспанов атындағы медицина университетінің түлектері емтиханнан алған бағамен келіспей, тест нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр

Теги: ,
439

Интернатураны бітірген қыз –жігіттер жақында тәуелсіз емтихан тапсырып, нәтижесін көргенде таң қалған. 500-ден астам студенттің шамамен 90 пайызы 60 пен 70 аралығында балл жинаған.

«Бір қызығы, елдегі барлық 5 медицина университетінің интерндері осындай балл алыпты. Неге олай деп күмәнданып отырмыз», дейді медицина университінің студенті Ақбаян Төреғалиева. Ол тест жүйесінен ақау шықты ма деген күдігін жасырмады. Студент «тест орталығының мамандары базаны ашып берсе, қай сұрақтардан қате кеткенін көріп, дәлелдер едік» дейді.

Интерндердің көбі жалпы тәжірибедегі дәрігер болуды қаламай, оқуды жалғастыруды көздеп отыр. Алайда, төмен балмен резидентураға тегін түсулері екіталай.

«60 балмен біз резидентураға түсе алмаймыз, оған өту үшін 65 балл жинау керек. 65-70 балл алғандар түссе де, грантқа талас кезінде қиын болады», -деді көңілі түсіп, тағы бір студент Гүлжамал Сағидоллова.

Тест нәтижесінің 5 университетте бірдей болғанына медицина университетінің басшылығы да аң-таң. Ректордың міндетін атқарушы Эльнара Исмағұлованың айтуынша, бұл мәселе қазір Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адами ресурстар департаментінде талқыланып жатыр.

«Бұл техникалық қателік пе, әлде тест жүйесінде ақау болды ма – солар анықтап, түпкілікті шешім қабылдайды»,- деді ректор.

Ал университеттің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деканаты деканының орынбасары Гауһар Сүлейменованың сөзінше, олар тәуелсіз емтихан орталығының мамандарымен байланысқан. Ондағылар тест сұрақтарының 40 процентке жаңарғанын айтты дейді.

«Мәселе — студенттердің өзінде. Олар Қарағанды, Астанадағы студенттермен былтырғы тест жауаптарын алмасқан. Соны жаттап алған. Ал базаның биыл 40 пайызға жаңаратынын ескермеген. Тест нәтижесі де сол 40 шақты жаңа сұрақтың есебінен сол шамада шығып отыр», — деді Гауһар Сүлейменова. «Студенттердің наразылығын ескеріп, емтихан орталығындағылар оларға тестті қайта тапсыруға рұқсат берді, бірақ студенттер бұдан бас тартып отыр», — деді декан орынбасары. Ол сонымен қатар, биылғы тесттің сұрақ-жауаптары студенттерге көрсетілмейді, себебі басқа оқу орындарында емтихан әлі жүріп жатыр, жауап нұсқалары тарап кетуі мүмкін екенін айтты.

Тәуелсіз емтиханды Ақтөбедегі медицина университетінің 525 студенті тапсырған. Емтихан нәтижесімен келіспей, 27 интерн аппеляциялық шағым түсірген.

Предыдущая запись
Түркістан: өрттің түтініне уланған қыз полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде аман қалды
Следующая запись
Новоселье без веселья: как в Караганде новостройки сдают?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню