316
Патрульдік полиция Өрлеу ауылының маңында “Уаз” көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзғанын байқаған. Тоқтатқан кезде 29 жастағы жігіттің мас екені, әрі оның бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталған. Ол аздай, жігіт медициналық мекемелердің біріне тиесілі жедел жәрдем көлігін біреудің үйінің ауласынан айдап әкеткен.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерекке қатысты ҚР ҚК “біреудің көлігін заңсыз иемдену” және “көлікті мас күйінде басқару” баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жігіт тергеу изоляторында отыр.