Ақтөбе: Мектептен қайтар жолда оқушыны бұралқы иттер талады

Теги: ,
786

Кешкілік сабақтан үйіне қайтып бара жатқан оқушыға бір топ бұралқы ит тап берген. Аяғынан тістеп жерге құлатып, басы, арқасы мен қолын талаған. Қыз бала беті мен мойнын жауып қорғанған. Оның шыңғырған дауысын естіп, жақын маңдағы құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген жігіт келіп, араша болған.

Оқиға өткен бейсенбіде қала шетіндегі ауданда болған. 13 жастағы жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Анасы Алтынгүл Жарылғапованың айтуынша, ол әбден шошынған. Тыныштандыратын дәрісіз ұйықтамайды. Дәрігерлер балаға құтырмаға қарсы дәрі егіп, денесіндегі жарақатты бірнеше жерден тіккен. «Қазір жағдайы қалыпты. Психологпен сөйлесіп жатыр», — деді травматология және нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Қуантай Махамбетов.

Бұралқы иттердің көбейгеніне ветеринарлар да алаңдаулы. «Бірақ, заңның өзгергеніне байланысты ешқандай шара қолдана алмаймыз», — дейді облыстық ветеринарлық басқарма өкілі Иса Базаров. Оның айтуынша, қазір көшедегі итті аулап, көзін жоюға тыйым салынған. Оларды уақытша орында ұстап, ұрықсыздандырып, еркіндікке жіберу керек екен.

«Бұл талапты орындау үшін бюджеттен қаржы сұратуымыз керек. Себебі, иттерге арналған тұрақ ақылы. Ал бюджеттік сипаттамада қызметтің бұл түрі көрсетілмеген. Сондықтан, қолымыз байлаулы», — дейді әкімдік өкілі.

Жаңа заң қабылданғанға дейін, басқармаға иесіз ит пен мысықты аулап, көзін жоюға 51 миллион теңге бөлінген. Мамандар соның 9 миллион теңгесін жұмсап, екі айда 3 мың 700 бұралқы иттің көзін құртқан.

Жауапты сала мамандары бұралқы ит мәселесін шешкенше талай бала төбетке таланады-ау деп алаңдайды ақтөбелік тұрғын Алтынгүл Жарылғапова. Ол қызының оқиғасына қатысты полицияға арызданған.

Предыдущая запись
​»Акбулакский стрелок» Игорь Дужнов отправится в «Черный беркут»
Следующая запись
АТЫРАУ: VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандар анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню