358
Қайғылы оқиға бүгін түнде болған.
Полицияның дерегі бойынша, Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасымен жолға шыққан. Ол жүргізген «Renault Duster» көлігі «Ақтөбе–Астрахань» тас жолының 248 шақырымында жол жиегінде тұрған «Iveco» жүк көлігіне, бұдан соң «Камазға» соғылған.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. Отағасы мен оның 16 жастағы ұлы Байғанин аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, — деп хабарлайды аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.