345
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Қаратоғай ауылының тұрғыны байланыс мұнарасының 25 метр биіктігіне шығып алып, өлемін деп туыстарын қорқытқан. Сол жерге барған әкесімен, әйелімен және қызымен сөйлеспей қойған. Құтқарушылардың сөзіне де көнбеген. Тек ауыл әкімімен сөйлесе бастаған.
Руслан Байсағызов мұнараға шығып, құтқарушылар көтерілгенше ер адаммен әңгімелесіп, алаңдатқан.
Үш сағаттық келіссөзден кейін ғана құтқарушылар тұрғынды альпинистік құралдардың көмегімен жерге түсірді. Психологпен сөйлескеннен кейін ер адам учаскелік инспекторға тапсырылды.