354
Қаладағы ең ірі үш университетте бүгін түсте оқу процесі шұғыл тоқтатылып, студенттер мен оқытушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Себебі, облыстық полиция департаментінің электронды поштасына Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы университет, Алматы энергетика және байланыс университеті және Ақтөбе заң институтының ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабар келген. Қауіпті нысандар қоршалып, саперлар тобы іші-сыртын тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Анонимді хабарлама авторы іздестіріліп жатыр.