685
Әріптесінің қашан, қалай ұсталғанын полициядағылар ашып айтпай отыр. Бірақ қамауға алынғаны расталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, тәртіп сақшысына қатысты Қылмыстық кодекстің «есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату» және «қызметтік жалғандық жасау» баптары бойынша екі іс қозғалған. Қазір ол тергеліп жатыр.
Тәртіптік комиссияның шешімімен жаза басқан полиция қызметкері мен ол жұмыс істеген полиция бөлімінің бастығы жұмыстан босатылған.